Творчество наших преподавателей

Стихотворение Есеновой Улбике Сарадиновны

Қатыгез жүрек.

Азаматтың қадірін

Қатыгез жүрек білер ме?

Арман, үміт болмаса,

Дұрыс жолмен жүрер ме?

Қатыгез жүрек

Жамандық тілеп,

Теңіздей тасып

Жағадан асып

Кұйын боп кетті

Ақыры өзі түбіне жетті.

Қатыгез жүрек

Өзді-өзін мақтап,

Бейкүнә жанды

Жазықсыз даттап,

Бір өзін мақтап

Кұрайды тақпақ.

Өмір деген-өзен

Ағады ол тоқтамай.

Дүниеде бәрі кезек

Есіңде соны сақтағай.

Азаматтың қадірін

Өзіңнен өрген ұл мен қыз

Ержеткенде білерсің.

Өз қатеңді мойындап,

Дұрыс жолмен жүрерсің...

Жылдар өтіп, қартайып

Азаматтың қадірі

Не екенін білерсің?!

Сол уақытта ойланып,

Жыларсың не күлерсің?!